14:02, 01 Сәуір 2021 | GMT +5
Алматыға шетелден ұшып келген 21 адамнан коронавирус табылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Наурыз айында 21 әуе жолаушысынан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Наурызда Алматыға 65 мың жолаушысы бар 449 халықаралық әуе рейсі келді, оның ішінде 4170 адам ПТР тестілеудің анықтамасыз келген. Барлығы карантин стационарларында оқшауланып, ПТР тест жасалды. Нәтижесінде 21 жолаушыдан коронавирус індеті анықталды», - деді брифинг барысында Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова.
Оның айтуынша, оң нәтиже Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Шарм-эш-Шейхтен (Мысыр) келгендер арасында тіркелген.
Жалпы, Алматыға 2020 жылдың 6 қазанынан бастап 1568 әуе рейсі келді.
Оның ішінде ПТР тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен - 201 660, анықтамасыз - 25 370 адам келді.