Алматыға тағы 21 мың доза вакцина жеткізіледі
«1 ақпаннан сәуірге дейін вакцинаның 15 750 дозасы келіп түсті. Бірінші компонент бойынша 100% игерілді. Ревакцинация жүріп жатыр. Екінші компонент бойынша 3 810 адам қабылдады»,- дейді ол.
Сонымен қатар, ол бүгін бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі бойынша вакцинаның 4-траншы 21 860 доза бөлінді.
Айта кетейік, қаланың инфекциялық стационарында 2 849 адам ем қабылдап жатыр. Оның 107-сі бала. Аса ауыр жағдайдағы науқастар саны – 45. Өкпені жасанды желдету аппаратында 8 науқас жатыр, өкпені жасанды желдетудің инвазивті емес аппаратында – 58 науқас бар. Жалпы қала стационарларында 5 мыңдай төсек-орын дайындалған.
Кеше коронавирус инфекцияның 515 жаңа жағдайы тіркелген, оның 434-інде воронавирус инфекциясының белгісі бар және 81-і симптомсыз пневмония.