Алматылық 50 жас әскери борышын өтеуге аттанды

АЛМАТЫ. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат /Таңжарық Ілиясұлы/ - Бүгін Алматыдағы Жетісу ауданы әкімшілігінің ұйымдастыруымен болашақ жауынгерлерді әскер қатарына шығарып салу мақсатында мерекелік шара ұйымдастырылды,

Алматылық 50 жас әскери борышын өтеуге аттанды
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алматы қаласы қорғаныс департаментінің шақыруымен 6 ауданнан жиналған 50 жігіт әскери борышын Қарағандыда өтеуге аттанбақ. «Сондай-ақ Республикалық Ұланнның қатарына арнайы медициналық тексерілуден өткен 30 жауынгер іріктеліп алынды», дейді майор Марат Сейсенбаев. Аталмыш шараға ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі полковник Талғат Жалилов, Ұлы Отан соғысының ардагері, полковник Роберт Юрьевич қатысып, болашақ жауынгерлерге ақ жол тіледі. Бұлармен қатар, шарада Ауған соғысының ардагерлері мен ата-аналар жылы лебіздерін білдірді. Шара соңы әншілердің қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.