Алматылық 9 компания «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрмесіне қатысады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» қалалық көрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Алматылық 9 компания «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрмесіне қатысады

Келушілер назарына жеңіл өнеркәсіп, тағам және жиһаз, көлік құралдарын шығаратын кәсіпорындардың өнімдері қойылды.



«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымдары бойынша 9 жеңімпаз республикалық көрмеде бағын сынайтын болады.



«Қатысушы компанияларға қойылатын талаптар да белгілі. Экспорт көрсеткіші болу керек. Тауарларға арыз-шағымдар жоқ болуы шарт. Сондай-ақ, өндірушілерде ноу-хау, жаңалықтар, патенттер болса құба құп», - деді қалалық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Любовь Алексеева.



Айта кету керек, көрме-байқаудың финалдық жеңімпазын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев марапаттайды.