12:54, 03 Сәуір 2010 | GMT +5
Алматылық ардагерлер сенбілікке шықты
АЛМАТЫ. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматының Алмалы ауданының ардагерлері сенбілікке шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сенбілікті ұйымдастырған Алмалы аудандық ардагерлер кеңесі өкілдерінің айтуынша, Ұлы Жеңістің 65 жылдығына ардагерлер дайындықты осылай бастауды жөн көрген. Ардагерлер бұл істерін наурыз мерекесінің құрметіне де арнағанын айтады. Өйткені наурыздың келуімен жер-әлем жаңарып, жаңа өмір басталғандай болады.
4 мыңға жуық адам қатысқан сенбілікте Сайран көлінің аумағы тазаланып, ретке келтірілді. Егде тартқанына қарамастан, абаттандыру жұмыстарына белсене араласқан ардагерлер бұл істерінің жас ұрпаққа үлгі болатынын айтады.