16:29, 06 Мамыр 2010 | GMT +5
Алматылық ардагерлердің кітаптары жарық көрді
АЛМАТЫ. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыдағы ҚР Тұңғыш Президентінің қорында Ұлы Отан соғысының ардагерлері Леонид Гришаның «Өткенмен оңаша қалғанда», Орынғали Есенғазиевтің «Ұлы Отан соғысы, комбаттың тағдыры» атты кітаптары мен «Барлық ұрпаққа естелік үшін» атты фотоальбомның тұсау кесері өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өзінің кітабында Леонид Гриша өмірі мен соғыстағы естеліктері туралы сыр шертсе, Орынғали Есенғазиевтің кітабында Ұлы Отан соғысындағы ең ірі әскери операциялар туралы тың деректер берілген. «Жібек жолы» баспасынан 500 данамен шыққан кітаптар мектептер мен жоғары оқу орындарына, кітапханаларға, ардагерлер ұйымдарына тегін таратылмақ.