Алматылық ардагерлерге «Соғыс, Халық, Жеңіс» ауызша журналы ұйымдастырылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық ардагерлерге «Соғыс, Халық, Жеңіс» ауызша журналы өтті.

Алматылық ардагерлерге «Соғыс, Халық, Жеңіс» ауызша журналы ұйымдастырылды

«Соғыс, Халық, Жеңіс» тақырыбында үш бөлімнен тұратын ауызша журналы Ұлы Отан соғысының басталғанына 75 жыл және Мәскеу түбіндегі шайқасқа 75 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Қалалық Антон Чехов атындағы кітапханада өткен жиынға соғысқа қатысқан және тыл да еңбек еткен 50 қазақстандық ардагер қатысты.

Кеш барысында Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне Алматы қаржы-құқық колледжінің студенттері гүл шоқтарын ұсынды.

Алмалы аудандық ардагерлер кеңесінің Отан атты вокалды хор ансамблінің соғыс жайлы өлендер мен әндер композициясы тындалып, ерлік кітап көрмесі өтті.

«Көздеген басты мақсатымыз - 1941-1945 жылы Ұлы Отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу», - деді Алмалы ауданы әкімдігінің өкілдері.

2 3 4 5 6 7