Алматылық аяқдопшылар Санкт-Петерборда жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирге қатысып жатыр

АЛМАТЫ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Санкт-Петербор қаласында 1994 жылы туған жасөспірімдер арасында футболдан Геннадий Поповичтің құрметіне арналған халықаралық турнир басталды.
None
None

Онда ел намысын Алматының «Цесна-94» командасы қорғауда. «Зенит» футбол клубының спорттық интернатының базасында өтіп жатқан бұл турнирге ресейліктерден өзге Қазақстан, Литва және Мали республикаларынан 8 команда қатысуда.

Алматылық футболшылар алғашқы ойынын бүгін Санкт-Петербордың «Коломяги» командасымен өткізуде. Олардың өз тобындағы келесі қарсыластары жарыс қожайындарының Дарынды балаларға арналған балалар мен жасөспрімдердің спорттық мектебінің «Зенит» және Литваның Вильнюс қаласының «Роталис» командалары болмақ. Егер олар бұл сында үздік шықса Санкт-Петербордың «Локомотив», «Нева» және Мәскеудің «Торпедо» мен Мали құрамасы бақ сынайтын бірінші топтың жеңімпаздарымен жүлделі орындар үшін таласуға мүмкіндік алады. Онда ақтық ойындар 29 қаңтарда өтпек. Бұған дейін Алматылық «Цесна-94» өткен жылы қараша айында Ташкентте «Пахтакор» ардагерлерін еске түсіруге арналған халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанған болатын.

Соңғы жаңалықтар