Алматылық аяқдопшылар Түркияда Белорус Жоғары лигасының қола жүлдегерімен жолдастық кездесу өткізуде
АЛМАТЫ. 6 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Түркияда кезекті оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Қайрат» футбол клубы Белорустің «Гомель» командасымен жолдастық кездесу өткізіп жатыр.
Олег Кубарев жаттықтыратын гомельдіктер 2003 жылы Белоруссия чемпионы, 1999, 2011 жылдары қола жүлдегер, ал 2001/2002, 2010/2011 жылғы маусымда Белорус кубогының иегері және 2003/2004 жылғы маусымда күміс жүлдегер атанған болатын. Биыл бас бапкерлік тізгінді Дмитрий Огайға ұстатқан алматылықтар Грузия жоғары лигасында өнер көрсететін «Дила Гори» команласына 0:2 есебімен есе жіберген еді. Олар енді 9 ақпанда Сербияның Бірінші лигасында ойнайтын «Телеоптик» командасымен күш сынаспақ.