Алматылық аяқдопшылар Түркияда запорожьелік құрдастарымен кездесіп 2:1 есебімен басым түсті

АЛМАТЫ. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Түркияда жаңа маусымға дайындық кезіндегі соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Алматының «Қайрат» футбол клубы Запорожье қаласының «Металлург» командасымен алғашқы бақылау матчын өткізді.
None
None

Онда Владимир Вайсс жаттықтыратын алматылықтар Украина Премьер-лигасында өнер көрсететін құрдастарынан 2:1 есебімен басым түсті. Сергей Зайцев жаттықтыратын запорожьеліктер өткен маусымда Бірінші лигада өнер көрсетіп, Премьер-лигаға 2012/2013 жылдардағы қазіргі маусымға қайта оралған болатын.

«Қайрат» енді келесі бақылау ойынын 23 ақпан күні өткізбек. Олардың бұл жолғы қарсыласы да украиндық команда болмақ. Ол Бірінші лигада ойнайтын Севастополь қаласының «Севастополь» футболшылары болғалы отыр. Олег Кононов баптайтын бұл команда құрамында Сербия, Литва, Польша, Грузия, Нигерия легионерлері өнер көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар