«Алматылық» баскетболшылар алғашқы кездесуде «астаналықтарға» есе жіберді

АЛМАТЫ. 27 қаңтар. ҚазАқпарат - Кеше Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде баскетболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы «Алматы» мен «Астана» командаларының алғашқы кездесуі өтті.

«Алматылық»  баскетболшылар  алғашқы кездесуде «астаналықтарға» есе жіберді

Онда Игорь Тихоненко жаттықтыратын алматылықтар қонақтарға 68:85 (16:24, 17:32, 20:20, 15:9) есебімен есе жіберді. Бүгін олар екінші ойынын өткізбек. Енді бұл сайыста да астаналықтар басым түссе, алматылықтардың турнир кестесіндегі жағдайы бұрынғыдан да қиындай түсуі мүмкін. Өйткені олар қазірдің өзінде бесінші сатыда тек Алматы облысының «Қапшағай» командасынан ғана жоғары тұр.