Алматылық белсенділер «Арыс, біз біргеміз» акциясына үн қосты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматылық белсенділер «Арыс, біз біргеміз», акциясын қолдады. Мақсат Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге көмектесу деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті Алматылықтар!

Сіздерді Арыстағы төтенше жағдайға байланысты гуманитарлық көмек көрсетуге шақырамыз! Бірінші кезекті қажетті дүниелер: гигиеналық заттар, кеспе өнімдері, консервілер, балаларға арналған киімдер, жамылғы мен көрпе. Жинау пунктінің мекен-жайы: Абылайхан көшесі 79. Мына телефон нөміріне 8-7471293969 хабарласуға болады»,- деп жазылған WhatsApp желісі арқылы таралған хабарламада.

Естеріңізге салайық, бүгін таңертең Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болды. Оқиға орнында жеке құрамның 52 адамы, Түркістан облыстық ТЖД-нің 12 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ, Шымкент қаласынан 23 маман, 4 техника және кинологтар тартылды. Қазіргі уақытта өрт сөндіру мен эвакуациялық жұмыстар әлі де жалғасып жатыр. Сонымен қатар зардап шеккендер анықталуда. Арнайы жұмыс тобы құрылды.

Алма Мұқанова

Соңғы жаңалықтар