Алматылық бизнесмен ақ аюдың туған күніне «баспана» сыйлады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат Алматылық бизнесмен Сергей Спицын ақ аюдың туған күніне «баспана» сыйлады. Бұл туралы Алматы зообағының баспасөз хатшысы Айгерім Ниязбекова ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді.
None
None

Алматы зообағының ежелгі тұрғыны 28 жастағы Алькор есімді ақ аю үшін арнайы салынған вольерде барлық қажетті талаптар сақталған.

«Вольерде салқындатылған бөлме, табиғи газон, бассейн бар. Бассейн суы автоматты түрде мұздатылып тұрады. Бетон еден мәрмәр төсемеге ауыстырылды», - деді Айгерім Ниязбекова.

Сондай-ақ, Гоша, Даша, Сезім есімді мүйізтұмсықтар да жаңа «баспанаға» көшеді. Вольерді күрделі жөндеуден өткізуге мәслихат депутаты Мұхит Әзірбаев пен белгілі құрылыс компаниясының басшылары көмектескен.

Баспасөз хатшысының айтуынша, жақында зообаққа кіреберістегі вумақ мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еркін қозғалуына жағдай жасайтын пандустармен жабдықталды.

Соңғы жаңалықтар