Алматылық дәрігер коронавирус белгілері анықталған жағдайда өз бетінше емделмеуге шақырды
«Үй жағдайында өздеріңізге ем-дом жасамаңыздар. Егер дене қызуының көтерілуі, тамақтың, кеуде қуысының ауыруы, жөтел және т.б. белгілер пайда болса, дереу тіркеу орны бойынша емханаға медициналық көмекке жүгініңіз. Симптомдарды елеусіз қалдыруға болмайды. Егер диспансерлік есепте тұрсаңыз, үнемі тексеруден өтіп, емдеуші дәрігердің тағайындауларын қабылдаған жөн», – дейді дәрігер.
Меруерт Көшенованың айтуынша, эпидемия басталғаннан бері «Жас Қанат» емханасына COVID-19-дың симптомсыз түрімен 145 науқас, жеңіл түрімен 98 науқас бақылауда болды, шамамен 80-і ауруханаға жатқызылды. Амбулаториялық кезеңде коронавирус инфекциясы бар 243 науқас емделіп шықты.
«Жалпы, биылғы жылы фильтрге жүгінген адамдардың саны артты. Маусым-шілде айларында емханаға күніне 40 адамға дейін келіп, күн сайын 30-ға жуық үйге шақыртулар болды. Мобильді топтың дәрігерлері 250 пациентке үйінде қызмет көрсетті»,– дейді Меруерт Көшенова.