Алматылық дәрігерлер 54 жастағы ер адамды құтқарып қалды

Алматылық дәрігерлер 54 жастағы ер адамды құтқарып қалды


АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық дәрігерлер 54 жастағы ер адамды ажалдан арашалап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Орталық қалалық клиникалық ауруханаға шұғыл түрде 1967 жылы туған ер адам түсті. Ол оң жақ аяғының қатты ауыратынына және ұйып қала беретініне шағымданды.

Дәрігерлер науқастың екі жағының қалыпты 1 см-ден 4 см-ге дейін жамбас жағының мықын артериясының аневризматикалық кеңейгенін, сондай-ақ, оң жақтан тромбозбен жамбас артериясының аневризматикалық үлкейгенің анықтады. Пациентке – гангрена диагнозы қойылды.

Науқас шұғыл түрде операцияға алынды. Себебі, оның өміріне қауіп төніп тұрды.

«Ер адамға шұғыл түрде келесідей операция жасалды: Бифуркациялық аорта-жамбастық протездеу 4 сағатқа созылды. Нәтижесінде, аортаны жасанды протезге ауыстырдық. Ота сәтті өтті. Бүгінгі күні науқастың денсаулығы тұрақты» - деді ОҚКА хирургиялық-көктамыр бөлімшесінің меңгерушісі Рахман Сапарбаев.