Алматылық джаз әнші Мәскеудегі байқауда жеңімпаз атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматылық джаз әнші Назия Әлжанова Мәскеуде өткен BIG SKY 2017 халықаралық байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Назия Әлжанованың шырқаған әндерін YouTube-тегі NAsia From Asia парақшасынан тамашалауға болады. Ол «Үздік вокалист» номинациясы бойынша қысқартылған тізімге кірді.
BIG SKY джаз орындаушылар байқауы биыл екінші рет өткізілді. Орындаушылар бәйгесі 18-28 жас аралығындағы жас өнерпаздардың, музыканттардың, кәсіби орындаушылардың, джаз әншілерінің басын біріктіреді.