Алматылық футболшылар исфаһандықтардан 1:5 есебімен ұтылып қалды

Бұл ойында Златко Краньчар баптайтын қарсыластар қақпасына алматылықтардың сербиялық легионері шабуылшы Неманья Йованович жалғыз доппен жауап берді. 75 мың адамдық стадионы (Джахан) бар «Селхан Спорт» клубы 1953 жылдың желтоқсанында құрылған болатын. Олар 2009/10 жылғы маусымда Иран чемпионатының жеңімпазы болды. Ал 2007 жылы Иран тарихында тұңғыш рет клубтық әлем чемпионатына қатысып, 6-орын алған.
Бұл «Қайраттың» соңғы оқу-жаттығу жиынындағы 6-жолдастық кездесуі еді. Бұған дейін олар 25 ақпанда Ресейдің Бірінші лигасында өнер көрсететін Химки қаласының командасына 0:1 есебімен есе жіберді. 22-ақпанда Украин премьер-лигасында өнер көрсететін «Волынь» командасынан 1:2 боп ұтылып, Ресейдің 2-дивизионындағы Белгородтың «Салют» командасымен 0:0 боп тарасты. Ал 19 ақпанда Сербияның Бірінші лигасындағы Печинци қаласының «Доньи Срем» командасына 0:3 есебімен ойсырай ұтылып, Ресейдің 1-дивизионындағы Калининградтың «Балтикасымен» тең түскен болатын.