Алматылық футболшылар Түркияда Хорватияның "Hajduc Split" командасымен жолдастық кездесу өткізді

АЛМАТЫ. 31 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -  Кеше  Алматының жаттықтыратын Дмитрий Огай  аяқдопшылары Түркиядағы кезекті оқу-жаттығу жиыны кезінде  Хорватияның "Hajduc Split" командасымен жолдастық кездесу өткізді.

Алматылық футболшылар Түркияда  Хорватияның "Hajduc Split" командасымен жолдастық кездесу өткізді

Өткен маусымда Бірінші лигада өнер көрсеткен хорваттар   биыл Премьер-Лигадан түсіп қала жаздаған қазақстандықтардан 1:0 есебімен басым түсті.

27 қаңтарда басталған бұл жиын кезінде «Қайратта» байқауда жүрген ойыншылар саны жаңа легионерлермен толықты. Олар сербиялық  Попович пен Адамович, аргентиналық  Джиони, түркиялық  Акйылдыз. Биыл Д. Огай тізгінін ұстаған алматылықтар енді 5 ақпанға дейін  келесі жолдастық кездесулерін Черногория, Болгария және Грузия командаларымен  өткізбек.