Алматылық кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасап, 73 млн теңгесін алып кеткендердің бірі ұсталды

None
None
ТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Алматылық кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасап, 73 миллион теңгесін қолды қылғандардың бірі ұсталды.

Бұл туралы бүгін апталық брифингте ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

«Алматыда жедел-іздестіру шаралары барысында өткен айда алматылық кәсіпкерге топ болып қарақшылық шабуыл жасағандардың бірі 18 жастағы Тараз қаласының тұрғыны ұсталды», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, жәбірленуші көлігінің дөңгелегін жөндету үшін техникалық қызмет көрсететін стансаға кіргенде ту сыртынан біреу соққыға шығып, есінен тандырады. Біраз уақыттан кейін есін жиған ол көлігіндегі 73 миллион теңге салынған сөмкесінің жоғалғандығын байқайды.

«Қазіргі уақытта ұсталған адам уақытша оқшаулау орнына қамалды және оның осы сияқты басқа да ашылмаған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Ал сыбайластарын және ұрланған ақшаны іздеу жұмыстары жалғасуда», - деді ресми өкіл.

Соңғы жаңалықтар