Алматылық кәсіпкерлер 350 шаршы метрлік ойын алаңын салып берді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Алматы қаласында «Есентай» ірі спорт-ойын алаңы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Алматылық кәсіпкерлер 350 шаршы метрлік ойын алаңын салып берді

Аталған нысан Есентай өзені жағасында әл-Фараби даңғылынан төмен жерде орналасқан. Оның жалпы аумағы 350 шаршы метр. Алаң өз форматымен ерекшеленген. Онда балаларға арналған алаңмен бірге Work out, Street ball аймақтары да бар. Бұл «Астана Банкінің» көше спортына арнаған 5-ші спорт нысаны. Бұдан өзгелері Наурызбай ауданындағы алаңда, Сейфуллин және Шолохов көшелері қиылысында, Тұңғыш Президент саябағында және «КИМЭП» ЖОО аумағында орналасқан.

«Бүгінгі таңда бизнес қауымдастық әлеуметтік жауапкершік бағдарламасы аясында көмегін көрсетіп отыр. Бұл бастаманы алматылық кәсіпкерлер саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында қолға алған. Оларға айтар алғысымыз зор», - деді шараның ашылуында Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Танат Айдарбеков.