Алматылық кәсіпорындардың мемлекеттік сатып алуларға қатысуы үлесі 13 есеге артты - Б. Байбек

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласы әкімдігінде жыл сайынғы дәстүрлі «Мемлекеттік тапсырыc-2016» акциясы өтті. Оған Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев, жергілікті мемлекеттік органдар мен бизнес субъектілердің басшылары және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.
None
None

Өзінің алғы сөзінде қала әкімі Бауыржан Байбек бұл шараның алматылық өндірушілердің мемлкеттік сатып алулар шарасына қатысу үлесін арттыруға бағытталғандығын айта келе, бұл салада ынтымақтастық жоғары деңгейде дамып жатқандығын жеткізді.

«Алматы қаласы әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры арасындағы ынтымақтастық бойынша қол қойылған Меморандум аясында 2008 жылдан бері мемлекеттік сатып алулар 13 есеге артып, 857 млрд. теңгені құрады. Ал 2015 жылдың соңғы 11 айы ішінде мемлекеттік тапсырыстарды орындау - 643 млрд. теңгені құрады. Мемлекеттік тапсырыс акциясы осымен дәстүрлі түрде сегізінші рет өткізіліп жатыр. Бұл, әрине алматылық кәсіпорындардың дамуы және жұмыс орындарын қамтамасыз ету үшін өте маңызды шара. Бүгінгі таңда Алматыдағы 1,5 мың өнеркәсіптік кәсіпорындардың 500- ден астамы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының еншілес компанияларымен бірлесе жұмыс істеуде», - деді Б. Байбек.

Соңғы жаңалықтар