Алматылық кеденшілер 18 келіден астам балама психотроптық заттарды жойды (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы бойынша кедендік бақылау департаменті 19 маусым күні 18 келіден астам балама психотроптық заттарды жойды.

Алматылық кеденшілер 18 келіден астам балама психотроптық заттарды жойды (ФОТО)

Бұл туралы аталмыш ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.

Алматылық кеденшілер балама психотроптық заттарды жою акциясын Халықаралық есірткі заттарды қолдануға және олардың заңсыз айналымына қарсы күрес күні қарсаңында өткізіп отыр. Бұл күн 26 маусымда атап өтілетіні белгілі.

Кедендік қызметкерлердің айтуынша есірткі тасымалы соңғы кездері артқан. Егер 2013 жылы оңтүстік астананың кеденшілері 26 дерек бойынша 20 келіден астам балама психотроптық заттарды тәркілеген болса, үстіміздегі жылдың алғашқы 6 айының ішінде балама психотроптық заттарды тәркілеудің 26 фактісін тіркеді. Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 11 келіге жуық болды.

Жыл басынан бері Алматы қаласы бойынша кедендік бақылау департаменті есірткі және психотроптық заттардың тасымалына қатысты 5 қылмыстық іс қозғады. 1 келі 114 грамм кокаин және 800 грамм психотроптық заттар тәркіленді.