Алматылық кеденшілер Ираннан контрабандалық жолмен тауар жеткізудің «кестесін» әшкереледі

АЛМАТЫ. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Алматы қалалық Кедендік бақылау департаменті жыл басынан бері экономикалық контрабанда бойынша 8 қылмыстық іс қозғап, кеден заңнамасын бұзған әртүрлі фактілер, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 197 іс қозғады.
None
None

Ал 2012 жылы құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу, жоюға бағытталған жұмыстың қорытындысы бойынша департамент тарапынан 75 қылмыстық, 1046 әкімшілік іс қозғалған болатын.

Сондай қылмыстың бір ұшығы Иран Ислам Республикасынан тауар тиеліп келген контейнерден шықты. Онда Қазақстанның кедендік шекарасын кесіп өту барысында толтырылған тауар тасымалдау құжаттары мен транзиттік декларацияда, сыртқы экономикалық қызмет қатысушысы тарапынан жалпы құны 30 мың АҚШ долларын құрайтын халық тұтынатын тауарлар көрсетілген. Бірақ алматылық кеденшілер өздеріндегі ақпарат бойынша, контейнердегі жүкке тексеру жүргізіп, декларациядан өтпеген тауарлар, атап айтқанда, көлік магнитолалары, акустикалық жүйелер және көлікке арналған бөлшектерді тапты. Қазір есеп жүргізу арқылы олардың құны мен саны анықталып жатыр.

Жедел шараларды жүргізу барысында контрабандалық тауарлар тиелген 10 контейнер әшкереленді. Бәрінде де кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтаруға әрекет жасалған. Қазіргі таңда бұл фактілер бойынша Кедендік бақылау департаменті тарапынан алдын ала тергеуге дейінгі тексеріс жүргізіліп, қылмыстық істерді қозғау жөнінде мәселелер қаралуда.

Соңғы жаңалықтар