14:41, 09 Мамыр 2012 | GMT +5
Алматылық кеденшілер із-түссіз жоғалып кеткен 12 жүк арбаны тапты
АЛМАТЫ. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Кеше Алматыда қалалық кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру шарасы кезінде автотұрақтардың бірінен Түркия елінің мемлекеттік нөмірін таққан 12 жүк арбасын тәркіледі.

Оларға тиелген халық тұтынатын тауарлар Түркия елінен шығып, Қазақстан шекарасы арқылы Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментіне жеткізілу тиіс еді. Бірақ тауар да, рұқсат қағаздары да кеден органына жеткізілмеген. Ал бұл жүктің бүгінгі таңда іс-түзсіз жоғалып кеткендігі анықталып отыр. Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, одан мемлекет бюджетіне кедендік төлемдер мен салықтар түспей қалған. Қазір оның нақты көлемі анықталып жатыр.