Алматылық кішкентай блогер Әмина «Пусть говорят» телебағдарламасына қатысты (ФОТО, ВИДЕО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматылық кішкентай блогер Әмина ата-анасы ерлі зайыпты Малгаждар сіңлілері Әлия және Аружанмен бірге 1-телеарнаның «Пусть говорят» бағдарламасының 29 наурыз күнгі «Аффтар жжот» хабарына қатысты.
Оның «Сіңлімнен планшетті қалай тартып алу керек» деген бейнесюжеті интернетте 6 миллион көрермен жинады. Оның бұдан басқа да көптеген бейнероликтері бар.
Оның Мәскеудегі Қызыл алаңда болуы да алдағы бейнесюжет тақырыбына айналмақ. Ол алаңдағы көптеген адамдармен бірге фотосуретке түсіпті.