Алматылық коммунистер мемлекеттік басқаруда кадр жаңартуды қолдады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Қазақстан коммунистік халық партиясының мүшелері мемлекеттік басқарудың қазақстандық моделін жаңғыртудағы саяси партиялардың рөлін талқылады. Пікірталасқа партия белсенділері, саясаттанушылар, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Коммунисттердің пікірінше, барлық деңгейдегі мемлекеттік аппаратты қысқарту – жұмыс сапасын жақсартады.

«Бір-бірінің жұмысын қайталайтын ұйымдар бар. Біздің партия әлеуметтік саясатпен және халықтың әл-ауқатын арттырумен жұмыс істейді. Әкімдер ауысады, бірақ жүйе өзгеріссіз қалады. Мемлекеттік басқару органдарына креативті, қабілеті жастар қажет. Оларды кадр резервіне қойып, оқыту керек», - деді Қазақстан коммунистік халық партиясының мүшесі Гүлдана Нұрпейісова.

Сонымен қатар, коммунистер биылғы Жолдаудың маңыздылығына тоқталды.

«Президент өзінің Жолдауында барлық мемлекеттік құрылымда жаңғырту қажеттігін нақты атап өтті. Біз қазір осы модернизацияға қатысты өз ұсыныстарымызды бере бастадық. Қазақстанда модернизацияны қажет етпейтін көптеген құрылымдар бар. Оларды қажетсіз деп, жою керек. Әрине, бұл – оңай шаруа емес. Мысалы, қазір көптеген департаменттер бар, оларды біріктіруге болады. Немесе бөлімге дейін төмендету қажет. Мысалы тілді дамыту өте маңызды. Бірақ сол үшін бір департамент құрудың қажеті бар ма? Бұл, көптеген қызметкерлердің жалақысына бөлінетін қаржылық ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді», - деді ҚКХП Алматы қалалық комитетінің бірінші хатшысы Әлібек Шапенов.

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің профессоры, PhD докторы Дәурен Асқарованың айтуынша, қазір көптеген экономистер саясатқа бет бұра бастады.

«Қазақстан – дәстүрлі қоғамның қатарында қалатын елдердің бірі. Біздің дамыған әлемде экономистер елдің экономикасы мен үкіметі жүйесінде өзіндік болжам жасауды үйреніп алды. Қазіргі кезде көптеген экономистер үкімет құрылымы саласында белсенділік танытуда. Ісіне енді кіріскен экономистердің дені жаңа көзқарасқа ие», - деп атап өтті экономист.


Соңғы жаңалықтар