Алматылық құтқарушылар алдағы күндері тауға шықпау керектігін ескертті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық құтқарушылар қала тұрғындары мен қонақтарын алдағы күндері тауға шықпауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жылымықтың әсерінен қар жамылғысының тұрақсыздығы және биік. Осыған байланысты 5-8 сәуір аралығында Кіші және Үлкен Алматы су алаптарында қар көшкініні қауіпі сақталады. Осыған орай, қала тұрғындары мен қонақтарына таулар мен қарлы тік жартастарға шықпауға кеңес береміз. Тауда абай болыңыздар», - делінген Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазгидромет еліміздің қалаларында қалыптасатын ауа сапасы туралы мәлімет ұсынған болатын.
Онда бүгін Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Теміртау қалаларымен қатар, Алматы қаласында да қолайсыз метеорологиялық жағдай күтілетіні айтылған.