Алматылық құтқарушылар суға батып бара жатқан қызды құтқарды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда суға батып бара жатқан 9 жастағы қыз құтқарылды. Төтенше жағдай кеше түскі 14:00 шамасында болған. Бұл туралы қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы әуежайы маңындағы көлге бірнеше бала шомылуға келген.
Республикалық жедел құтқару жасағының кезекшісі Айдос Мұхаметжанов «Кіші Алматы көлінің» мұнарасынан бақылап отырғанда көл жағалауында шулап жүгірген балаларды көрген.
1 минут өтер өтпестен құтқарушы сүңгуір Юшков Дмитрий 9 жастағы қызды судан алып шықты.
№89 мектептің 3 сынып оқушысы Козелькова Светлана жүзу білмейді екен. Жағалауда жүргенде аяғы тайып кетіп, суға құлаған.
Қалалық ТЖД шомылу маусымында азаматтарға абай болуды ескертеді. Кіші Алматы көлінде қазір РЖҚЖ құтқару жасағы бақылау жасап отыр.