Алматылық қыздар тараздық баскетболшы құрбыларын 84:50 есебімен ұтты

    АЛМАТЫ. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Кеше Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде баскетболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасындағы ХХ Қазақстан чемпионатыны аясында «Алматы» мен «Тараз» командалары кездесті.

Алматылық қыздар тараздық баскетболшы құрбыларын 84:50 есебімен ұтты

Аға бапкер Оксана Антипова мен Оксана Бекбулатова жаттықтыратын алматылықтар қарсыластарын 84:50 есебімен ұтты. Кездесудың бірінші кезеңі 16:16 боп аяқталған. Олар екінші кезеңде 22:6, үшінші кезеңде 20:18, төртінші кезеңде 26:10 есебімен айқын басымдықпен жеңіп шықты. Бұл  7-жеңіс. Алматылықтар бұған дейін  6 ойында басым түсіп, 14 кездесуде жеңіліс тапқан еді. Ал бұл жолғы қарсыласы осымен 19-рет қарсыластарының басымдығын мойындап отыр.