Алматылық мұғалімдер Финляндия мен Эстонияда тағылымдамадан өтеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Жаңа оқу жылы ішінде 50 педагог Финляндия мен Эстонияның жетекші мектептерінде тағылымдамадан өтеді. Сонымен қатар 2023 жылдан бастап мұғалімдерді инклюзивті білім беру бойынша оқытудың арнайы бағдарламасы басталады. Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан ұстаздар форумында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қалалық білім басқармасының ақпараты бойынша, бүгінде барлық мемлекеттік мектептерді шаруашылық жүргізу кәсіпорындарына кезең-кезеңімен көшіру жүргізілуде. Биыл қаланың 210 мемлекеттік мектебінің 76-сы шаруашылықты жүргізу түріне көшеді. «Осы өзгерістерге байланысты мұғалімдердің біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді – педагогтердің оқыту форматы түбегейлі қайта қаралды, оның аясында олар үшін халықаралық тағылымдаманы ұйымдастыру жоспарлануда. Жаңа оқу жылы ішінде 50 педагог қызметкер Финляндия мен Эстонияның жетекші мектептерінде тағылымдамадан өтеді.

2023 жылдан бастап мұғалімдерді инклюзивті білім беру бойынша оқытудың арнайы бағдарламасы басталады. Бағдарламаға колледж оқытушылары да қатысады»,- деп атап өтті басқармадағылар. Педагогикалық қызметкерлердің тамыз форумы аясында қаланың білім беру жүйесі жұмысының 11 бағыты бойынша стенд-көрме өтті.


Соңғы жаңалықтар