16:45, 30 Наурыз 2021 | GMT +5
Алматылық оқушылар «Мен - Қазақстанның патриотымын» атты челлендж бастады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық оқушылар әлеуметтік желілерде «Мен Қазақстанның патриотымын» атты челлендж бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Челленджді Алматы қаласындағы №66 орта мектептің 5, 6, 7 сынып оқушылары бастады.
Мақсат - мектеп оқушыларының патриоттық сезімін ояту.
«Азаматтық пен патриотизмді қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікті нығайту, халқымыздың тарихына құрметпен қарау мақсатында №66 мектеп оқушылары «Мен - Қазақстанның патриотымын» атты челлендж ұйымдастырды» деп жазылған білім мекемесінің Instagram парақшасында.