Алматылық полицейлер арнайы операция нәтижесінде 43 күн бойы қарақшылардың қамауында болған 34 жастағы кәсіпкерді босатты

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше Алматыда 43 күн бұрын қылмыскерлер ұрлап әкеткен "El Invest company" ЖШС-нің Директорлар кеңесінің төрағасы Эдгар Салдузи босатылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан баспасөз клубының мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдары бұл арнайы операцияны кеше күндіз жүзеге асырған. Қазіргі таңда белгілі болғаны, 34 жастағы кәсіпкердің денсаулығы қанағаттарлық деңгейде. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері енді бұл қылмысқа қатысы болуы мүмкін деп саналатын өзге азаматтарды да анықтау жұмыстарын жүргізуде. Жалпы Эдгар Салдузиді қылмыскерлер тамыздың 14-і күні ұрлап әкеткен болатын. Күйеуінің жоғалып кеткені туралы сол күні бизнесменің әйелі Анастасия Салдузи Медеу аудандық ішік істер басқармасына өтініш түсірген еді.

Соңғы жаңалықтар