Алматылық полицейлер планшетпен толық қамтамасыз етілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы автокөлікпен және электронды хаттама толтыру үшін планшеттермен толық қамтамасыз етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек отандық өндірісте шығарылған әрі газбен жұмыс істейтін 70 жаңа автомобильді көрді. Полиция автопаркінің көлікпен толық қамтылуы ведомстваның жедел жұмысына оң ықпалын тигізетін болады.

Қала полициясының басшысы Серік Күдебаев әр автомобильдің GPS-навигаторымен және видео-аудио фиксациялармен жабдықталғанын айтты.

Бұдан өзге, барлық жол-патруль қызметі планшеттермен және кеудеге ілінетін видеорегистраторлармен қамтылған. Осының арқасында хаттамалар тек электронды вариантта жасалады, ал келер жылдың бірінші тоқсанында айыппұлдар тәртіп бұзылған жерде банкі картасы арқылы бірден төленеді.

Қала әкімі тұрғындардық қауіпсіздігі қаламызды тұрақты дамытудың басты буыны болып табылатынын атап өтті.

«Қазіргі кезде біз қауіпсіздік саласына информатизация жаңалықтары, яғни сыбайлас жемқорлыққа әкелетін адам факторын барынша азайту үшін жаңа технологияларды енгізіп жатырмыз.  Видеобақылау камераларының саны артып келеді. Ондағы мақсат - айыппұл салуда ғана емес, көлік қозғалысын тәртіпке шақырып, апатты жағдайларды азайтуда болып отыр. 3 жыл ішінде қаланың жергілікті бюджетінен полицияны жабдықтауға жеткілікті қаржы бөлінді, сондықтан біз сервистік принцип бойынша полициядан жұмыс тиімділігін арттыруды талап ете аламыз», - деді Бауыржан Байбек.

Жалпы қала полициясының материалдық-техникалық жарақтануы 87%-ға дейін жетті. Соңғы үш жыл ішінде 468 бірлік қызметтік көлік алынды. Қаланың барлық аудандарында жергілікті бюджет есебінен ашық фронт-офистер ашылады.

Болашақта «102» қызметі жетілдіріледі. Онда  оператор болып жұмыс жасайтындардың саны 2,5 есе артқан.

Айта кету керек, Е-айыппұл жобасы былтыр мамырда тестілік режимде іске қосылған болатын. Аталған жобаны ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті ұсынды.

Соңғы жаңалықтар