Алматылық полицейлер ҰОС ардагерлерін үйіне барып құттықтады (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық полицейлер ҰОС ардагерлерін үйіне барып құттықтап, сый-сыяпат табыстады.

Алматылық полицейлер ҰОС ардагерлерін үйіне барып құттықтады  (ФОТО)

Департамент басқармасының штаб қызметкерлері ҰОС-тан кейін құқық қорғау саласында қызмет еткен 2 ардагердің үйіне бас сұқты.

Олардың бірі подполковник Иван Базыгин 1924 жылы Пенза облысында туған. Украин майданының оңтүстік-батысында соғысқан. 119-пулемет взводының командирі болған. Кейін Алматыдағы полиция гарнизонында қызмет еткен.

Сондай-ақ, отставкадағы милиция майоры Байсерке Мамырбаев Мәскеу түбінде Волоколамск тас жолында соғысқан. Польшаны азат етіп, Германияны алуға қатысқан. 1956-72 жылдары Жамбыл облысы, сол кездегі Луговое ауданы милициясының бастығы болған.

Екі қарияға да құқық қорғаушылар қажетті азық-түлік, алғысхаттарын табыстады.

2 3 4