Алматылық полицейлер жаяу жүргіншіні опат қылып, оқиға орнынан ізін суытқан жүргізуге іздеу жариялады

АЛМАТЫ. 14 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматылық полицейлер Солтүстік айналма көшесінде жаяу жүргіншіні көлгімен қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен ақ түсті «Ниссан Цефира» көлігінің жүргізушісіне іздеу жариялады.

Алматылық полицейлер жаяу жүргіншіні опат қылып, оқиға орнынан ізін суытқан жүргізуге іздеу жариялады

Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда, бұл қайғылы жағдай 6 сәуір күні Өжет ықшам ауданына таяу маңдағы бұрылыста орын алған. Онда көшенің шығыс бағытымен кетіп бара жатқан 1989 жылғы азамат апат орнында көз жұмған. Осыған орай полицейлер оқиғаның куәгерлеріне хабарлама беріп, іздеу салынған жүргізушіге қатысты ақпарат бергендердің аты-жөндерінің құпия болатынына кепілдік беріп, оларға сыйлық тағайындап отыр.