Алматылық Сәбина Әзімбаева «Ғалам аруы-2018» байқауына қатысады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы аруы атанған Сәбина Әзімбаева «Ғалам аруы-2018» байқауына қатысу үшін Бангкокке аттанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
Сәбина Әзімбаева былтыр «Алматы аруы-2017» байқауының жеңімпазы атанған болатын.
Екі күн бұрын Халықаралық бизнес университетінде UIB студентіне арналған баспасөз мәслихаты өтті. Онда Сәбина өзі, «Алматы аруы» туралы айтып, алдағы байқау туралы ойларын бөлісті.




Сондай-ақ, Алматы аруы байқауда киіп шығатын киімдерін де көрсетті.

