Алматылық шекарадан өту үшін әуежай қызметкерінің киімін киіп алған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 42 жастағы ер адам әуежай қызметкері болып киініп, шекарадан заңсыз өтпек болған. Бұл туралы қалалық әуежайдың Фейсбуктегі ресми парақшасында жарияланды.
None
None

Жолаушы Алматы - Утапао (Паттайя) рейсіне билет алған. Бірақ ол шекара бақылауынан өтпей қалған. Ер адам шетелге шығуға тыйым салынған азаматтар санатында болған.

«Бүгін түнде әуе қауіпсіздігі қызметінің мамандары 47 жастағы ер адамды ұстады. Ол жалған өткізу құжатын жасап алып, бақылау-өткізу пунктінен өтіп кетпек болған. Ол шетелге шығуға тыйым салынғанын білген соң қалайда ұшуға әрекет жасаған. Алдын ала дайындалған әуежай қызметкерлерінің жилетін киіп алып, қолдан жасалған құжатпен бақылау өткізу пунктінен сытылып өтуді мақсат тұтқан. Тәртіп бұзушы ұсталып, желілік полиция бөлімшесіне тапсырылды», - деп мәлім етті әуежайдан.

Алматы әуежайы салық, несие, алимент сияқты төлемдер бойынша борышы бар азаматтарға, одан бөлек қарызы жоқ азаматтарға да борышкерлер реестрін бір тексеріп шығуға кеңес береді.

Себебі, кей жолаушылар өзінің борышкерлер тізімінде бар екенін кеш біліп жатады.

Соңғы жаңалықтар