Алматылық соғыс ардагерлері «Беларустың неміс-фашист басқыншыларынын азат етілгеніне 65 жыл» медалімен марапатталды

АЛМАТЫ. Қазанның 7-сі. ҚазАқпарат /Маржан Кеңесбай/ -  Бүгін Алматыда Алмалы ауданының әкімі Марат Пірінбеков Беларус  елін неміс басқыншыларынан азат етуге қатысқан 72 соғыс ардагеріне Беларус  Республикасының Президенті Александр Лукашенко жолдаған естелік медальдарды  табыс етті,

    Алматылық соғыс ардагерлері  «Беларустың  неміс-фашист басқыншыларынын азат етілгеніне 65 жыл»  медалімен марапатталды

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жыл сайын Алматы қаласының әкімдігі мен Алматы қаласына қарасты 7 ауданның басшылары  Халықаралық қарттар күні мерекесі кезінде соғыс және еңбек  ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетіп келе жатыр. Бұл аға буынның баға жетпес ерлігі мен еңбегінің ескерілуі  және жас буынның көргендігінің белгісі», дейді Алматы қаласының «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы  Еренғайып Мәлікұлы.  Жалпы қазіргі таңда Алмалы ауданында   Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 230  соғыс ардагері бар. Олардың   72-сі  Беларус   жерін   неміс-фашист басқыншыларынан азат етуге қатысқан майдангерлер.