Алматылық студенттердің 54% ғана жатақханамен қамтылған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Алматыдағы студенттердің 54 пайызы ғана тиісті жатақханамен қамтамасыз етілген. Мұндай деректерді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында журналистердің сұрағына жауап берген Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы еліміздегі 119 университеттің 35-і Алматы қаласында орналасқан. Сонымен қоса, студенттердің 3/1 Алматыда. Бір жағынан жатақхана мәселесі де болып тұр. Ақпаратымыз бойынша Алматыдағы студенттердің 54 пайызы ғана тиісті жатақханамен қамтамасыз етілген», - деп жауап берді Қуаныш Ерғалиев БАҚ өкілдерінің сұрағына орай.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, биыл студенттерге арналған жатақханаларда төлемақы өскен. Осыған қатысты ведомство түсінік берген болатын. Министрлік дерегінше, жатақхана төлемақысының өсуіне биылғы жылы ғимаратты күтіп ұстау, қызмет көрсету шығындары құнының көтерілуі себеп болған.

Қоса кетейік, бұған дейін жатақхана тапшылығы мәселесін шешу үшін министрілік ағымдағы жылы 6 жатақхана бой көтеретінін мәлімдеп еді.


Фото: gadgetshelp.com


Соңғы жаңалықтар
telegram