Алматылық су добы шеберлері Ресей чемпионатында ерлер арасында үздік бестіктің қатарына енді

АТЫ. 4 мамыр. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстандық су добы шеберлері 8 жыл бұрынғы нәтижесін қайталап, Ресей чемпионатында биыл да 4-орын алды.
None
None

Бұл жайлы «Астана-Қазақстан» командасының және ұлттық құраманың бас бапкері Сергей Дроздов бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Біз биыл араға 6 жыл салып Ресей чемпионатында қайта бақ сынаған едік. Команда кілең жастардан жасақталғанына қарамастан сәтті өнер көрсете алдық. Оған «Самұрық-Қазына» қорының қаржылай қолдауы өз септігін тигізді», - дейді Сергей Дроздов. Ресей чемпионы атанған «Спартакқа» жартылай финалда 8:3, 8:5 есебімен есе жіберген алматылықтар қола жүлде үшін болған сында Қазанның «Синтезімен» кездескен болатын. Сырт алаңдағы бұл ойын да жеңіліспен аяқталды. Жалпы қазіргі таңда команда құрамында бұрынғы тәжірибелі ойыншылардан тек қақпашы Александр Шведов қана өнер көрсетуде. Бас бапкердің сөзіне қарағанда, Ресей чемпионатында биыл жалпы 11 команда бақ сынады. Онда өткен маусымдағы үздік төрттікке енгендерге алғашқы кезеңнен сүрінбей өткен 2 команда қосылып, олар жүлделі орындарды өзара сарапқа салған болатын. Бұл сында қазақстандықтар алғашқы кезеңде өткен жылы алтылықтың қатарында өнер көрсеткен негізгі қарсыластарынан басым түсті. Одан кейінгі 2 айналымдық сында жартылай финалға дейін жетті.

Соңғы жаңалықтар