Алматылық волейболшы қыздар Қазақстан кубогының ширек финалына шықты

АЛМАТЫ. 25 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада волейболдан әйелдер арасында ХХ Қазақстан кубогы алғашқы кезеңінің ширек финалдық ойындары өтіп жатыр.
None
None

Онда «Алматы» мен «Грация Астана KZ», «Шығыс Қорғасын Құрылыс» (Өскемен) пен «Қостанай», ««Спартак АМТ» (Теміртау) мен «Оқушылар сарайы» (Астана), «Жетісу-2»(Талдықорған) мен  «Қарағанды-2» өзара күш сынасуда. Ертең бұл доданың ақтық сындары болады. Одан кейін бұл сында жоғары нәтижеге қол жеткізген «Алматы», «Шығыс Қорғасын Құрылыс», «Қостанай» мен «Грация Астана KZ» командалары 1-10 қараша күндері Қарағандыда өтетін Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындарында бақ сынайды. Онда олардың қарсыласы Ұлттық лиганың 2011/2012 жылғы маусымында жоғары нәтижеге қол жеткізген  «Жетісу» (Талдықорған), «Астана», «Ертіс-Қазхром» (Павлодар) мен  «Қарағанды» командалары болмақ.

Соңғы жаңалықтар