Алматылық волейболшы жігіттер ел чемпионатында жеңістер сериясын жалғастыруда

АЛМАТЫ. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Өскеменде волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында өтіп жатқан ХХI ҚР чемпионатының 3-ші турында алматылықтар жеңіліссіз келе жатыр.
None
None

Турнир кестесінде 37 ұпаймен көш бастаған олар қарсыластарынан ұзап кетті. Қазір «Павлодарда» (Павлодар) - 30, «ТНКҚазхромда» (Хромтау) - 29, «Атырауда» (Атырау) - 28, «Конденсатта» (Орал) - 27, «Есіл» (Қызылжар) мен «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыста» (Өскемен) - 10 ұпай бар. Олардың арасында павлодарлықтар мен атыраулықтардың бір ойыны артық. Бүгін «ТНК Қазхром» мен «Есіл», «Алматы» мен «Конденсат», «шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» пен «Атырау» күш сынасуда. Бұған дейін қарсыластарын хромтаулықтар 3:2, 3:1 есебімен жеңсе, алматылықтар бір ойында ұтып (3:0), екіншісінде жеңіліс (2:3) тапқан болатын. Ал өскемендіктер болса 2 ойында да 3:0, 3:1 есебімен атыраулықтардан басым түскен еді.

Жалпы 8 ақпан күні басталған бұл сайыс ертең өз мәресіне жетеді. Ақтық ойында оралдықтар хромтаулықтармен, павлодарлықтар алматылықтармен, қызылжарлықтар өскемендіктермен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар