Алматылық волейболшы жігіттер клубтық Азия чемпионатында 5-орын алды

АЛМАТЫ. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Волейболдан 21-29 сәуір күндері Иранның Тегеран қаласында ерлер командалары арасындағы XIV Азия чемпионаты өтті.

Алматылық волейболшы жігіттер клубтық Азия чемпионатында 5-орын алды

13 елдің чемпиондары қатысқан бұл жарыста Геннадий Паршин жаттықтыратын «алматылықтар» үздік бестіктің қатарынан көрінді. Топтық сында қарсылас шақ келтірмеген оларды 1/8 финалда сүріндірген катарлықтар («Al-Rayyan») күміс жүлдегер атанды. Ал ширек финалда жүлделі орынға таласу мүмкіндігінен айырған қытайлықтарLiaoning») 4-орынды иеленді.

Бұл жолы бірде-бір ойында жеңіліс таппаған ирандықтар («Kalleh») чемпиондық атақты иеленіп, өз елінің мәртебесін тоғызыншы рет әлемге паш етті.Үздік үштікті тайбэйдің«Taiwan Power» командасы түйіндеді.