Алматылық волейболшы жігіттер клубтық Азия чемпионатында бесінші орыннан үмітті

АЛМАТЫ. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Кеше Тегеранда ерлер командалары арасында волейболдан XIV Азия чемпионатының жартылай финалдық ойындары өтті.
None
None

Онда ел намысын қорғап жатқан "Алматы" командасы ирактықтардан ("Газ-Аль-Janoob») 3:0 есебімен басым түсті. Енді Геннадий Паршин жаттықтыратын ел чемпионаты үздіктерінің ақтық сындағы қарсыласы жапондықтар («Toyoda Gosei Trefuer») болмақ. Егер бұл сында жеңіске жетсе, үздік бестіктің қатарына енуге мүмкіндік алады. Бұған дейін топтық сындағы ойында олар жапондықтарды 3:0 есебімен ойсырата ұтқан болатын.

"Д" тобында топ жарған алматылықтар плей-офф кезеңінде ирактың "Газ-Аль-Janoob» командасын (3:2) сүріндіріп, катарлықтардың «Al-Rayyan» командасынан (0:3) ұтылып қалған еді. Одан кейін ширек финалда Қытайдың «Ляонин» командасына (1:3) есе жіберді. Енді тек бесінші орын үшін ғана таласады. Ал чемпиондық атақты катарлықтар мен ирандықтар («Кале Мазандарана»), қола жүлдені қытайлықтар мен тайвандықтар («Пауэр Компани») өзара сарапқа салмақ.

Соңғы жаңалықтар