Алматылық волейболшы жігіттер клубтық Азия чемпионатының 1/8 финалына шығуға мүмкіндік алды

АЛМАТЫ. 3 шілде. ҚазАқпарат - Қытайдың Шанхай қаласында өтіп жатқан клубтық Азия чемпионатында «Алматы» волейбол клубы «С» тобында сәтті өнер көрсетуде. Олар 30 маусымда индонезиялықтарды (25-22, 25-19, 24-26, 25-17),

Алматылық волейболшы жігіттер клубтық Азия чемпионатының 1/8 финалына шығуға мүмкіндік алды

ал кеше үндістандықтарды 3:1 (25-20, 23-25, 25-21, 25-19) есебімен ұтты. Ертең енді топтық сындағы ақтық ойынын кувейттіктермен өткізеді. Олар индонезиялықтарға 1:3 (25-23, 18-25, 17-25, 13-25) есебімен ұтылған болатын. Енді алматылық спортшылар бұл ойынның қорытындысына қарамастан 1/8 финалда өнер көрсететін болады. Ал бұл сыннан сүрінбей өтсе, ширек, жартылай және ақтық сайыста бақ сынайды. Жеңімпаз команданың аты 8 шілде күні белгілі болады.