Алматылық волейболшы жігіттер клубтық Азия чемпионатының жартылай финалында өнер көрсетуде

АЛМАТЫ. 7 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Қытайдың Шанхай қаласында волейболдан ерлер арасында XIII клубтық  Азия чемпионатының жартылай финалдық ойындары өтіп жатыр.

Алматылық волейболшы жігіттер клубтық Азия чемпионатының жартылай финалында өнер көрсетуде

Онда Геннадий Паршин жаттықтырған «Алматы» волейбол клубы жарыс қожайындарымен («Shanghai Tang Dynasty») бақ сынаса, ирандықтар катарлықтармен жұп құрамақ. 30 маусымда жалауы көтерілген бұл дүбірлі доданың ақтық ойыны ертең өтеді. Іріктеу сынында «С» тобында өнер көрсеткен қазақстандықтар Индонезия мен Үндістан спортшыларын  3:1, ал кувейттіктерді 3:0 есебімен ұтып өз тобында үздік шықты. Ширек финалда «А» тобында екінші орын алған Вьетнамның «PTCS» командасын 3:0 ойсырата ұтқан еді.