Алматылық волейболшы жігіттер Ұлттық лигадағы ХХ ел чемпионатында да көш бастады

АЛМАТЫ. 9 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 1-турының ақтық ойындары өтеді.
None
None

Алғашқы 4 кездесудің қорытындысы бойынша қазір жарыс қожайындары ғана жеңіліссіз келе жатыр. Олар «Атырау», «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (Өскемен), «Есіл» (Қызылжар) волейболшыларын 3:0, «ТНК «Қазхром» (Хромтау) спортшыларын 3:1 есебімен ойсыра ұтты. Енді соңғы кездесуін жеңілістен көз ашпай келе жатқан Оралдың «Конденсат» командасымен өткізеді. Оралдықтар кеше қызылжарлықтарға 1:3 есе жіберген еді. 1-турдың соңғы ойынын енді өскемендіктер қызылжарлық, ал атыраулықтар хромтаулық құрдастарымен өткізгелі отыр.

Соңғы жаңалықтар