Алматылық волейболшы жігіттерден құралған ел құрамасы Әлем чемпионатының аймақтық дәрежелік раундын сәтті бастады

АЛМАТЫ. 15 маусым. ҚазАқпарат - Павлодарда волейболдан ерлер арасында 2014 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирінің Азиялық аймақтық дәрежелік раунды өтіп жатыр. Геннадий Паршин жаттықтыратын қазақстандықтар алғашқы ойында өзбекстандықды 3:0 (25-21, 25-15, 25-18) есебімен ойсырата ұтты. Өзбекстандықтар бүгін енді Ауғанстан құрамасымен кездесуде. Ал ертең ақтық ойын Қазақстан мен Ауғанстан споршылары арасында өтеді.

Алматылық волейболшы жігіттерден құралған ел құрамасы Әлем чемпионатының аймақтық дәрежелік раундын сәтті бастады

Жалпы бұл додада ел намысын қорғап жатқан спортшылар түгелдей дерлік

алматылықтар болып отыр. Атап айтқанда құрамадағы 12 ойыншының 10-ы

алматылықтар (Әсет Базарқұлов, Надирхан Кадирханов, Юрий Стулов, Дмитрий Горбатков, Антон Юдин, Виталий Мироненко, Александр Стольников, Виталий Эрдштейн, Олег Веригин, Сергей Кузнецов). Қалған екеуі Оралдың «Конденсаты» (Виталий Вориводин) мен Қызылжардың «Есілінен» (Максим Мищенко).