Алматылық волейболшы жігітттер Ұлттық лигадағы қарсыластарынан қара үзіп кетті

АЛМАТЫ. 10 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 4-9 қараша күндері волейболдан Ұлттық лигадаығ ерлер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 1-тур ойындары болды.
None
None

«Темір дос» спорт кешенінде өткен бұл жарыста «Алматы» волейбол клубы барлық қарсыластарын қапы қалдырып, 15 ұпаймен турнир кестесінде қара үзіп кетті. Олардан 6 ұпай артта қалып қойған «ТНК «Қазхром» (Хромтау), «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (Өскемен) волейболшылары 2-3 орынды бөлісті. Одан кейінгі сатыға 6 ұпайы бар атыраулықтар («Атырау») мен қызылжарлықтар («Есіл») жайғасты. Ал қоржынында бірде-бір ұпайы жоқ оралдықтар («Конденсат») турнир кестесін түйіндеді. Ел чемпионатының 2-туры енді 6-12 желтоқсанда Қызылжарда жалғасады.

Соңғы жаңалықтар