Алматылық волейболшылар Бішкек мэрінің кубогын ұтып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматылық волейбол командасы Бішкек мэрінің кубогын ұтып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сайыста 1999 жылы дүниеге келген және жасы одан кіші ойыншылардан құралған төрт команда бақ сынады. Жарыстың қорытындысы бойынша, бірінші орынды Григорий Олегович Неклюдовтың жетекшілігіндегі алматылық команда жеңіп алды. Финалда олар Бішкек қаласының командасын 3:0 есебімен ұтқан. Үшінші орынды Тон ауданы (Ыстық көл облысы) және төртінші орынды Ат-Баши қаласынан (Нарын облысы) қатысқан волейболшылар иеленді. Турнир 16-18 желтоқсан аралығында Бішкек қаласында өткен.